05.07.2025
03:27
3914
Елордада қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі өтеді

Елордада қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі өтеді

Елорда күніне орай 4-6 шілде күндері «Ғашықтар» саябағының аллеясында қалалық көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, іс-шараның басты мақсаты – жас кәсіпкерлерді, қолөнершілерді, шеберлерді, жергілікті дизайнерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды қолдау және дамыту.

Көрме-жәрмеңкеге 30-ға жуық шебер мен қолөнер иесі қатысып, өздерінің ерекше өнімдерін, қолдан жасалған бұйымдарын және авторлық жұмыстарын ұсынады.

Жәрмеңке 4-6 шілде аралығында күн сайын сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.