Елордада қар күреу жұмысына екі мыңнан аса адам жұмылдырылды

13 Ақпан 2023, 04:30 987

Қыс басталғалы астанадан 3 млн тек метр қар шығарылған

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде қаланы қар мен мұздан тазарту жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қыс мезгілінде олар елордадан үш млн текше метрден астам қар шығарған.

Қаланың барлық төрт ауданында қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қыстың басынан бастап Астана көшелерінен үш миллион текше метрден астам қар немесе 246 мыңға жуық ауыр жүк шығарылды.

Көктайғақты болдырмау мақсатында жолдар, тротуарлар, алаңдар мен аялдамаларға үнемі құм-тұз қоспасы себіледі.

EL.KZ
Бөлісу: