25.03.2023
09:59
1075
Елордада қала маңына жүретін автобустардың қозғалысы тоқтады

Елордада қала маңына жүретін автобустардың қозғалысы тоқтады

Астанадағы қалың тұманға байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бүгін сағат 05:45-тен бастап күн райының қолайсыздығына (қалың тұман) және тасжолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 312, 315, 316, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.

Сондай-ақ осы өңірде «Астана-Қорғалжын» тасжолының 19-124 шақырымында да көлік жүруіне тыйым салынды.