Елордада «Парыз» байқауының жеңімпаздары марапатталды

13 Желтоқсан 2023, 04:35 2158

Астанада  жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен республика кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Биыл конкурсқа қатысуға 492 ұйым өтінім берді, оның ішінде 161 ірі кәсіпкерлік, 331 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында 250 өтінім, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында – 87 өтінім, «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында – 67 өтінім, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында – 48 өтінім, 2020 жылдан бастап тағайындалған «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығымен марапаттауға 40 өтінім түсті.

Орталық мемлекеттік органның басшыларынан, ҚР Парламенті депутаттарынан, бизнес және кәсіби одақтардың өкілдерінен құрылған комиссия құрамы республикалық конкурстың нәтижесін келесідей анықтады: екі санат бойынша 2 Гран-при, 26 лауреат атағы (оның 24-і – екі санатта төрт номинация бойынша үш жүлделі орын, қалған 2-і «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы премиясының иегерлері).

Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында бас жүлдені Абай облысының ««Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС алды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі ең үздігі Қызылорда облысының «Абай Дәулет» ЖШС болып анықталды. 

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Атырау облысының «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ, Қарағанды облысының «Nova Цинк» ЖШС және Алматы қаласының «Кока-Кола Алматы Боттлерс Бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» лауреат атанды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Қостанай облысының «Тұрар» ЖШС, Ақтөбе «Ақбөбек» оңалту орталығы» ЖШС және Қарағанды облысының «Шахтерское» ЖШС бар.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында: Астана қаласының «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, Ақтөбе облысының «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС және Ақмола облысының «Журавлевка-1» ЖШС лауреат атанды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Шығыс Қазақстан облысының «Выдрихинское» ЖШС, Абай облысының «Семей монтаж фирмасы-Имсталькон» ЖШС және Павлодар облысының «Победа» ЖШС жеңімпаз атанды.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Батыс Қазақстан облысының «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС, Астана қаласының «DAR RAIL» ЖШС және Ақмола облысының «RG Gold» ЖШС лауреат атанды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Маңғыстау облысының «ТрубРемЦентр» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысының «Новомихайловское-2003» ЖШС және Ақмола облысының «Аджар и К» ЖШС марапатталды.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Батыс Қазақстан облысының «QHSE-Akbarys» ЖШС, Ұлытау облысының «Adal Enbek KZ» ЖШС және Түркістан облысының «КАТКО» Қазақстан-Франциялық бірлескен кәсіпшілігі» ЖШС үздіктер қатарынан көрінді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Жамбыл облысының «М-КАТ ГРИН» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысының «OstFish» ЖШС және Қостанай облысының «EcoLabRecycling» ЖШС лауреат атанды.

«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығын Шығыс Қазақстан облысының «Казцинк» ЖШС ірі кәсіпкерлік субъектісі және Павлодар облысының облысының «Галицкое» ЖШС шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санатының өкілдері иеленді.

Байқау жеңімпаздарына тиісті дипломдар мен айрықша белгілер (статуэткалар) табыс етілді. Сондай-ақ, лауреаттарға конкурс эмблемасын жарнамалық мақсатта осы атақ берілген күннен бастап үш жыл ішінде пайдалану құқығы беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдан бері «Парыз» байқауына 6893 кәсіпкерлік субъектісі қатысып, 393 кәсіпорын лауреат атағына ие болды.

Гран-при жүлдесі өз саласында жоғары көрсеткішке және корпоративтік, әлеуметтік, экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда үздік нәтижеге жеткен үміткерлерге беріледі. Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің ішінен Гран-при иегерлері: 2008 жылы – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС; 2009 жылы – «Торғай Петролеум» АҚ; 2010 жылы – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ; 2011 жылы – «Теңізшевройл» ЖШС; 2012 жылы – «ҚазТрансОйл» АҚ; 2013 жылы – «Өскемен титаномагний комбинаты» АҚ; 2014 жылы – «Қазгермұнай» БК» ЖШС; 2015 жылы – «Самұрық Энерго» АҚ; 2016 жылы – «АқсайГазСервис» АҚ; 2017 жылы – «Еуразиялық Топ» ЖШС; 2018 жылы – «Казцинк» ЖШС; 2019 жылы – «Еуразиялық Топ» ЖШС; 2021 жылы – «Қарашығанақ Пертолиум Оперейтинг Б.В.»; 2022 жылы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» болды.

Берік Арманов
Бөлісу: