Елордадағы тұрғын үй кешенінің бірінде көлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 6 маусымда сағат 11:56 Астана қаласының Мұхамедханов көшесіндегі ТК паркингінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін жеткен. Автотұрақта көлік жанып жатқаны анықталды.
Өрт орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды барлап эвакуациялауда. Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеуде, - делінген мәліметте.
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Құтқарушылардың мәліметінше, арнайы машинаның көмегімен желдетілмейтін паркингтен түтін шығарылуда.
Түтін шығаратын өрт сөндіру машинасы өрт орнына жеке құрамды және өрт-техникалық қару-жарақты жеткізуге, ғимараттар мен құрылыстардан түтін шығаруға, үй-жайларды желдетуге арналған, - делінген мәліметте.
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ