Елордада пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді

18 Қараша, 18:04 825

Елордадағы Beeline Arena спорт кешенінде 23-24 қараша күндері пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, осы аптаның соңында қазақстандық спортшылар өз жанкүйерлерінің алдында шеберліктерін көрсетпек.

Турнир барысында 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Жарыстың басты ерекшелігі – жаңа Олимпиада цикліне байланысты салмақ дәрежелерінің өзгеруі. Ерлер енді 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі. Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада бағдарламасына кірмейтін екі салмақта (ерлер – 64 келі, әйелдер – 46 келі) жүлделер үлестірмек.

Бұл айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайтын болады. Олар:

Асылан Нұрдәулетов (73 кг);
Бауыржан Арыстанбеков (90 кг);
Ерболат Бекентаев (90 кг).

Жарыстың ашылу салтанаты 23 қараша күні Beeline Arena спорт кешенінде сағат 15:00-де өтеді. Ал жарыстар күн сайын сағат 10:00-де басталады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: