06.09.2025
22:16
459
Елордада Марал көпірінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Елордада Марал көпірінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Марал көпірі (М2) бойындағы деформациялық тігістер бойындағы жол төсемін қалпына келтіру жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Осыған байланысты 6 қыркүйек күні сағат 15:00-ден 8 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы ішінара шектелмек. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірімен екі бағытта да ұйымдастырылады. 

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.