Елордада Маңғыстау суретшілерінің көрмесі өтті

20 Желтоқсан 2022, 19:20 2617

Көрмеде шетелдік суретшілердің шеберлік сағаттары ұйымдастырылды

Елордада Маңғыстау суретшілерінің көрмесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетерлігі, жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Маңғыстау мәдениет басқармасының ұйымдастырған.

Көрме жұмысында Астана қаласының тұрғындарына әртүрлі жанрдағы, соның ішінде абстракция нефтифизм бағыттағы суреттер ұсынылып отыр.

Жобаға 1 жыл дайындалған ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің жаңашылдығы – мұнаймен сурет салу.

Мәдени іс-шара қазіргі заманауи суретшілерді насихаттай отырып, халықты өнерге баулып, бейнелеу өнерін дамытуды мақсат тұтқан.

Көрме барысында Өзбекстан, Қырғызстан сынды елдердің суретшілері қатысып, шеберлік сағаттарын өткізгені белгілі болды.

Дина Алланазарова
Бөлісу: