Әлем көз тіккен съезге Рим Папасы Франциск те қатысады деп жоспарлануды
Қазақстан астанасы халықаралық деңгейдегі үлкен шараға қызу дайындалып жатыр. Бір аптадан кейін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталады, деп хабарлайды El.kz.
Әлем көз тіккен съезге Рим Папасы Франциск те қатысады деп жоспарлануда.
Президент сәуір айында Рим Папасымен бейнеконференция арқылы әңгімелесіп, осы шараға арнайы шақырған екен. 13 қыркүйекте астанаға келетін Пантифик бұл сапары мен форум жұмысынан үлкен үміт күтетінін білдірді.
«Мен дінаралық диалогты күшейтіп, мемлекеттердің бірлігін арттырып, жақындастыра түсетін осынау айтулы оқиғаны асыға күтемін. Бұл басқосу өте маңызды», - дейді католик шіркеуінің басшысы.
Айтулы шара аясында «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының рөлі» талқыланатын болады.