Елордада көпқабатты үйлердің бірінің маңынан бойжеткеннің денесі табылды

18 Қазан, 18:13 640

Елорда полициясы бойжеткен көпқабатты үйдің 24-қабатынан құлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнынан суреттер әлеуметтік желіде тарады.

Астана қалалық Полиция департаментінің дерегінше, бүгін сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция басқармасына кіреберіс маңында қыз баланың денесі жатқаны туралы хабарлама түскен.

Полиция оқиға орнына келгенде 22 жастағы бойжеткеннің денесі анықталды. Алдын ала болжам бойынша, қыз биіктен құлап кеткен. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды, - делінген мәліметте.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: