Елордада ҚХА Хакатон «Social Assembly» республикалық жастар форумы өтеді

28 Қазан 2019, 16:38 2083

29 қазан күні сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Nazarbayev University Block C2 ғимаратында (Қабанбай батыр көшесі, 53) Қазақстан халқы Ассамблеясының Хакатон «Social Assembly» республикалық жастар форумы өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, форумның мақсаты – креативті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін талантты жастарға арналған алаң құру.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен мекемелер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, ҚХА жастары, жастар ұйымының өкілдері, студентер және т.б. қатысады, деп күтілуде.

Форум барысында Nazarbayev University атриумында – «Innovation Day» көрме ұйымдастырылып, соның ішінде аймақтардан іріктеп алынған жас талантты стартаперлер мен университет студенттерінің жобалары ұсынылады.

Сондай-ақ, спикерлер TEDX форматында сөз сөйлеп, ҚХА «Жаңғыру жолы» облыстық штаб жетекшілерінің мультимедиялық презентация арқылы өз жұмыстарымен таныстыруы өтеді.

Бөлісу: