Елордада ҚХА этномәдени бірлестіктерінің гала-концерті өтеді

5 Маусым 2019, 10:30 3657
7 маусым күні 18.00-де Нұр-Сұлтан қаласының «Жетісу» саябағында (Сарайшық к-сі, 13/1) қала әкімдігінің қолдауымен, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтарының гала-концерті өтеді.

Мамыр айынан бастау алған Нұр-Сұлтан қаласының Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің концерті елордамыздың бірқатар саябақтарында әр аптаның жексенбісі сайын жалғасын тауып келді. Естеріңізге сала кетейік, елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап «Студенттер» саябағында 5 мамыр күні татар-башқұрт, славян және шешен-ингуш, 12 мамырда украин және неміс, 19 мамыр күні «Жерұйық» саябағында дала казактары мен корей, «Жетісу» саябағында 26 мамыр күні өзбек, грузин, поляк және қарақалпақ, 2 маусымда ұйғыр, қырғыз, еврей және белорус этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары өз өнерлерін ортаға салған еді.
Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық қызметін есепті концертімен қорытындылау мақсатында ұйымдастырылатын гала-концертке Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламент депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері және Қазақстандағы Елшіліктердің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, этномәдени бірлестіктер мен жастар қанатының өкілдері қатысады деп күтілуде.
Бөлісу: