Елордада кезекті рет БАҚ туралы заң жобасы талқыланды

23 Ақпан 2023, 18:15 1123

Министрлік БАҚ өкілдері ортақ пікірге келуі үшін алаң ұсынды. Бұл туралы БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Жасұлан Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Отырыста журналистер тарапынан заңның ауқымы ұлғайып кеткені жөнінде пікір айтылды.

Заңға көптеген бап пен субъекті қосылды. Біз жариялаған заң жобасына телерадио операторлары өз ұсыныстарын айтты. Телерадио операторларының саласы телеарналармен тығыз жұмыс істейді. Сол себепті бүгінгі жиында олар өзара талқылау өткізді. Біз үшін олардың арасында келісім болуы қажет. БАҚ туралы заңның ауқымына келсеңіз, мұны тек министрлік емес, құзіретті мемлекеттік органдарда оның ішінде Әділет министрлігінің де қарауынан өтеді. Сондықтан бұл диалогтан кейін қарастырамыз, - деді БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры.

Оның сөзінше, БАҚ туралы заңға қатысты ұсыныстардың бәрі сараптамадан өтеді. Сонымен бірге БАҚ туралы заң шетелдік сарапшылардың да қарауынан өтпек.

2 ақпанда заң жобасы жарияланды ол уақыттан бері көптеген сын-пікірлер айтылды. Сол себепті аталған мәселе бойынша шетелдік сарапшылармен кездестік. Олар өз ұсыныстарында заңның БҰҰ аясында бекітілгені дұрыс деп біледі. Әрине, бұл тараппен ымырамыз бар. Бір келісімге келгенше отырыс өткізе береміз деп ойлаймын, - деді Жасұлан Өмірәлиев. 

EL.KZ
Бөлісу: