Астанада аймақтық ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

17 Қыркүйек 2022, 19:26 3027

Елордада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Жетісу мен Алматы облысынан барлығы 500 тоннаға жуық өнім жеткізілді

Елордада аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы жалғасуда. Дәстүрге сай осы демалыс күндері Жетісу мен Алматы облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыстардың ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін делдалсыз тікелей сатады, соның нәтижесінде өнім бағасы нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен. Мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты – астаналықтарға қолжетімді азық-түлік жеткізу.

Таңғы 9-ға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері сатылатын "Астана Арена" стадионының жанындағы алаңда жұрттың қарасы қалыңдады. Жәрмеңкеде ұсынылған өнімдердің алуан түрлілігі астаналықтардың сұранысын арттырады. Ұсынылған өнімдердің арасында 84 тонна көкөніс, 62 тонна жеміс-жидек, 48,7 тонна картоп, 41,5 тонна ет, 9 тоннадан астам сүт өнімдері, 8 тонна балық, 500 кг бал, сондай-ақ осы облыстарда өндірілетін 189 тонна өзге де өнімдер бар. 

Елордада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Жетісу мен Алматы облысынан барлығы 500 тоннаға жуық өнім жеткізілді.

Жәрмеңкеге таңертең келген қала тұрғыны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, тауарлар мен бағалар туралы ойларымен бөлісті.

«Бағалар қолайлы, одан да қымбат болуы мүмкін еді, өйткені адам өз өнімін өндіріп болғанша көп еңбектенеді», - деді қала тұрғыны Мерей Орынбаев.

Егер елордада жидек теру маусымы аяқталған болса, бұл жәрмеңкеден жаңа піскен құлпынай мен таңқурай сатып ала аласыз. Кейбір орындарда ұзын-сонар кезек болып жатыр: Алматының брэндіне айналған апорт алмасы, қызанақ, бұрыш үлкен сұранысқа ие болды, ал картоп, пияз, сарымсақ және сәбіз бірден қаптарымен сатылып жатыр.

Сондай-ақ, жаңа, табиғи өнімдер де назардан тыс қалмады: қолдың сүзбесі, қаймақ, қымыз. Сатушылар таразының дұрыстығына күмәнданар болса жәрмеңке аумағында тексеруге болатын таразы қойылған.

Жәрмеңке екі күнге созылады – 17 және 18 қыркүйек. Өтетін орны: Тұран, 48 мекенжайы бойынша орналасқан "Астана Арена" стадионының жанындағы алаң. Алдағы 24-25 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан және Атырау облысы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңке таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу: