Елордада Кенесары көшесіндегі учаскеде жөндеу жұмысы жүргізіледі

5 Шілде 2023, 06:26 919

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында М.Ғабдуллин көшесінен бастап Республика даңғылына дейінгі учаскедегі Кенесары көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды, 

Осыған байланысты 5-6 шілде күндері жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Берік Арманов
Бөлісу: