21.10.2024
21:25
1046
Елордада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды

Елордада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды

Елордалық өрт сөндірушілер 11 газ баллонының жарылуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Байқоңыр ауданындағы Бектау көшесінде газ баллондары тиелген жүк көлігі жанып, олар қызу нәтижесінде жарыла бастаған.

Оқиға орнына келген ТЖМ күштері мен құралдары бірнеше минут ішінде оқпанмен су беріп, баллондарды салқындату арқылы өртті жойды. Жақын жерде тұрған үш көлік өрттен зақымданды, - делінген мәліметте.

Өрт сөндірушілер 8 көлікті, жақын маңдағы тұрғын үйлерді және 17-ден 11 газ баллонын өрттен алып шықты.

Зардап шеккендер жоқ.