Елордада есірткі сататын онлайн-дүкеннің иесі ұсталды

6 Мамыр 2023, 19:31 902

Елордада есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің иесі құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.   

Полицейлер саябақта есірткіні жасырын жерлерге салумен айналысқан бойжеткенді анықтады. Жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы 0,53 гр экстази есірткі заты тәркіленді.

Жалдамалы пәтерді тінту барысында есірткі заттары бар үлкен қойма анықталды. Олардың ішінде мефедрон, гашиш, галлюциногенді, марихуана және каннабис шайыры бар.

Ол заттарды ұсталған азаматша өзінің есірткіні сатумен айналысатын интернет дүкенінде сатпақшы болған. Есірткі курьері елордада өткізуді көздеген 400 гр жуық есірткі заты заңсыз айналымнан тәркіленді.

Полицейлер қаланың халық көп шоғырланған жерлерінде есірткі курьерлері жапсыратын QR-кодтары бар жапсырмаларды тапты.

ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Фигурант УҰИ-ға қамалды.

Берік Арманов
Бөлісу: