Елордада еркін күрестен халықаралық Wrestling stars турнирі өтті

19 Желтоқсан 2022, 14:53 3633

Елордада бүгін алғаш рет еркін күрестен халықаралық Wrestling stars турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әлия Әбсеметова қатысты.

«Тартысты бәсекеде Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Румыния, Эквадор және Қазақстан елдерінің палуандары мен әлем чемпиондары бақ сынауда. Атап айтқанда, 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов, Олимпада және әлем біріншілігінің жүлдегері Нұрислам Санаев, ММА шебері Василий Тахтай, Tartyl Fest жобасының амбассадоры Айтым Жақыпов, актер Асылхан Төлепов және тағы да басқа ең мықты спортшылар қатысып жатыр. Палуандарға биік мансап пен сәттілік тілеймін!» - деді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Жарысқа 7 мемлекеттің спортшылары мен танымал блогерлері және өнер жұлдыздары қатысты. Олардың қатарында Ресей, Ұлыбритания, Өзбекстан, Қырғызстан, Румыния, Эквадор, Тәжікстан бар.

«Елордада алғаш рет еркін күрестен халықаралық Wrestling stars турнирі ойдағыдай өтті. Көңіл-күйіміз керемет! Осы сәтті пайдалана отырып, Мәдениет және спорт министрлігіне, Астана қаласының әкімдігіне алғысымды білдіремін!» - деді жоба жетекшісі Дәурен Жабасов.

EL.KZ
Бөлісу: