Елордада электроника дүкенінен 11 телефон ұрлаған күдікті қамауға алынды

27 Қыркүйек 2023, 15:01 643

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полицейлер жалпы құны 5 миллион теңге болатын ірі электроника ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғынын құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаскүнем дүкенге қараңғы кезде терезе арқылы ішке кіріп, ішіндегі дисплей әйнектерді сындырып, 11 iPhone телефонын, 2 iPad планшеті мен кеңсе техникасын алып кеткен. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының арқасында күдіктінің ізіне түсуге мүмкіндік болғанын айтты.

Қазіргі уақытта қаскүнем кінәсін мойындап, заттай айғақтар жартылай тәркіленді.

Анықталғандай, былтыр да ер адам дәл осындай жолмен көрші үйдегі дүкенге кіріп, сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысы бар тұлға уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: