Елордада екінші ауысым оқушылары да онлайн оқиды
5 Желтоқсан 2022, 12:05
1607
Астанада қатты аяз болып тұр.
Елордада түстен кейін оқитын 0-6 сынып оқушыларына сабақ онлайн өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 желтоқсан күні екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінде.
Еске салсақ, елордада бүгін таңды ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ онлайн өткен болатын.
Бөлісу: