Елордада екі жаңа ХҚКО ашылды

5 Қаңтар 2023, 19:27 798

Елордада екі жаңа ХҚКО ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Тәуелсіздік даңғылы, 16/1 және Қаныш Сәтбаев көшесі, 25 мекенжайында халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу туралы шешім қабылдады.

Енді Алматы ауданының тұрғындары мемлекеттік қызмет алу үшін өздеріне ыңғайлы Халыққа қызмет көрсету орталығын таңдай алады.

Жаңа цифрлық кеңселерде сапалы қызмет көрсету үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Атап айтқанда, құжаттандыру, жылдамдық, әлеуметтік қызмет көрсету аймағы, сондай-ақ жер кадастры қызметтерін көрсету бөлімі бар. ХҚКО-да клиенттер мемлекеттік органға өтініш бере алатын E-natizhe аймағы да бар, – делінген хабарламада.

Жаңа орталықтарда зейнеткерлер, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар, бөлек қызмет көрсететін терезелер қарастырылған.

Айта кетейік, Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайындағы ХҚКО 30 желтоқсанда жабылды. Екі жаңа халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарға жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетіледі.

EL.KZ
Бөлісу: