Елордада дәрігер әріптесінің банк картасын ұрлаған

21 Желтоқсан 2023, 12:09 798

Астаналық ауруханада бұрын жұмыс істеген медбике әріптесінің банктік картасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қалалық ауруханада бөтеннің банктік картасын ұрлап, бірнеше дүкен мен кафелерде төлем жасаған 22 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жас қыздың сол жақ жағалаудағы ауруханада бұрын медбике болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол құжаттарын алуға келгенде қызметкерлер бөлмесіне еш кедергісіз кіріп, бұрынғы әріптесінің банктік картасын алып кеткен. Күдікті ұрланған картамен дүкенде сауда жасаған, кафеден кофе алған, осылайша 115 мың теңгені заңсыз жұмсаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыздың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: