Елордада «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі өтіп жатыр

19 Ақпан 2023, 15:50 1169

Қатысушылар 10 спорт түрі бойынша сынға түсуде

Бүгін Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен елордада жыл сайынғы «Бұрқасын 2023» қысқы фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Шараның ашылу салтанатына ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысып, жарыс қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биыл жиырма үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған қысқы спорт фестиваліне 1800 қатысушы тіркелген.

Фестиваль барысында қатысушылар 10 спорт түрі бойынша сынға түсуде. Олар шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, қар ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.

Спорттық іс-шара Астана қаласының тұрғындары мен жастары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

EL.KZ
Бөлісу: