Елордада Бұқар жырау көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Елордада Бұқар жырау көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Бұқар жырау көшесін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін салу» жобасы аясында асфальт төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.  

Осыған байланысты 20-31 тамыз аралығында аталған учаскелерде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы бір бағытта ұйымдастырылатын болады. Алдымен Әл-Фараби даңғылынан Мәнгілік Ел даңғылына қарай, кейін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына қарай жол қозғалысы шектеледі. 

Бұл ретте елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.