Елордада бокстан Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтті

14 Желтоқсан 2022, 14:23 1482

Елорда іргесінде орналасқан Аспан спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтті. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жарысқа барлығы 350 спортшы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Байрақты бәсеке жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған. Былғары қолғап шеберлерінің додасында еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар өз бақтарын сынады.

Ұзын саны 350 спортшы жиналды. Олар жас ерекшеліктері бойынша 7 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

EL.KZ
Бөлісу: