Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Полицейлер елордалық бизнес орталықтарында жасалған ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Есіл ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қала ішіндегі бизнес орталықтарының бірінен ұрлық жасаған 29 жастағы ер адамды ұстады.
Күдікті түнгі уақытта күзетшілерге байқатпай бизнес орталыққа кіріп, кофехананың есігін бұзып, кассадан 30 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті Теміртау қаласынан табылып, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынып, түзеу мекемесіне отырғызылды. Құқық бұзушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары