Елордада биыл Тәуелсіздік даңғылындағы көпір ашылады

8 Қаңтар 2023, 19:20 1083

Бұл туралы Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жариялады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында көпір салу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Биыл Тәуелсіздік даңғылында Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін ашамыз. Аталмыш көпірдің құрылыс барысымен таныстым, ол көлік қозғалысын едәуір жылдамтады: Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы аумағы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері, Момышұлы даңғылы және сол жағалау арасында қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Көпір құрылысының қарқынын арттыруды міндеттедім, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Көлік нөпірін жеңілдету үшін жаңа көшелер, жолдар мен көпірлердің салынуы жобалануда.

Аудандар мен коммуналдық қызметтерге қар күреу жұмысын күшейтуді тапсырдым. Ауа райының құбылмалылығын, оның ішінде температураның төмендеуін ескерер болсақ, қозғалысы қарқынды учаскелердің, әлеуметтік нысандарға кірер жолдардың, тротуарлардың, аялдамалардың қарын күреуге ерекше назар аудару қажет, - деп жазды елорда әкімі.

EL.KZ
Бөлісу: