08.08.2025
20:42
472
Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

Астана қаласында өтетін Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіру марафонына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Көлік қозғалысына шектеу мына тәртіппен енгізілмек: 

• Сағат 7:00-ден 8:05-ке дейін – Түркістан көшесінің бір жолағы (Abu Dhabi Plaza бағытына қарай) ішінара жабылады;
• Сағат 7:10-нан 9:15-ке дейін – Ақмешіт көшесінің бір жолағы (мәре аймағына дейін) жабылады;
• Сағат 7:00-ден 7:40-қа дейін – Ұлы Дала даңғылы уақытша жабылады.

Жүргізушілер бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал кешігу уақытын ескергені жөн.