08.12.2022
20:05
1356
Елордада ауыл жастарының IV форумы өтті

Елордада ауыл жастарының IV форумы өтті

Елордада ауыл жастараның IV форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.

Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, жастар бірлестіктерінің белсенділері, спортшылар және студенттер қатысты.

Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҰЭМ аппаратының басшысы Данабек Керімрай «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы және «Дипломмен ауылға» бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, кездесу барысында жұмыспен қамту, бизнесті дамыту, білім беру сапасы және ауылдарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, қатысушылар әзірленіп жатқан ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасына өз ұсыныстарын айтты.