Астанада алғаш рет күміс деңгейдегі Astana Meeting World indoor tour өтті. Бұндай деңгейдегі жарысты ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш рет өткізді. Оған 100-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астанада алғаш рет күміс деңгейдегі Astana Meeting World indoor tour өтті. Бұндай деңгейдегі жарысты ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш рет өткізді. Оған 100-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Он бес елдің спортшылары «Astana Silver Grand Prix Meeting» турниріне қатысу үшін Астанаға арнайы келді. Мұндай жарысты өткізу мәртебесіне биыл бізден бөлек, АҚШ, Германия, Франция, Сербия, Словакия, Чехия мемлекеттері ие болған», деді Жеңіл атлетика федерацияның президенті Даниал Ахметов.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, аталған турнир отандық жеңіл атлетиканы дамытуда үлкен серпін беріп, спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады.
«Дүниежүзілік жарысқа әлемнің 15 елінен спортшылар қатысты. Бұл дегеніміз, жеңіл атлетиканың ғана мерекесі емес, жалпы елдер арасындағы ынтымақтастықтың да туын биіктететін іс-шара деп ойлаймын», деді Асхат Оралов.
Турнирге қатысушылар жеңіл атлетиканың 10 түрінен өзара мықтыны анықтады. Ерлер арасында 60 метрге кедергілермен жүгіру жарысында мәреге бірінші болып келген кубалық Роджерс Ирибарн (нәтижесі 7.62секунд) отандасымыз Давид Ефремовтан сәл ғана озып (7.65сек) кетті. Айтпақшы, мұның алдында Давид Ефремов алдын-ала жүгіру кезінде 7,62 секунд нәтижесімен дәл осы бағдарламада Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.
Сондай-ақ ерлер арасында 400 метрге жүгіруден отандастарымыз Михаил Литвин 46.41 нәтижесімен 1-орын, Андрей Соколов 46.74 секунд нәтижесімен 2-орын иеленсе, бразилиялық Александр Руссо 47.70 секунд нәтижесімен мәре сызығын 3-ші болып кесті.