Елордада Астана халықаралық форумы басталды

8 Маусым 2023, 11:38 1077

Форумның шымылдығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Форум «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» атты тақырып төңірегінде өтеді.
Президент форумға қатысып жатқан мемлекет басшыларына алғысын білдірді.

Астана халықаралық форумына қош келдіңіздер! Мұнда барлық құрлықтан достарымыз бен әріптестеріміз, сондай-ақ үкіметтердің, дипломатия, бизнес және ғылыми топтардың өкілдері жиналып отыр. Аса қадірлі қонақтарымыз – Қатар әміріне, Қырғызстан президентіне, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасына, Өзбекстан премьер-министріне және форумның басқа да құрметті қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін», - деді Президент.

Сондай-ақ арнайы келуге шешім қабылдап, форум жұмысына қатысу еліміз үшін үлкен мәртебе деп атап өтті. Жиын барысында жаһандық экономикалық және аймақтық ынтымақтастық мәселелерінің қазіргі жай-күйі жөнінде табысты пікір алмасуға сенім білдірді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: