Елордада алғаш рет футболдан аналар командасы құрылды

18 Шілде, 16:41 587

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде алғаш рет «Арыс 37» атты футболдан аналар командасы құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биылғы мамыр айында құрылған команда құрамында шаштараз, жеке кәсіпкер, есепші, мұғалім және бала күтімімен үйде отырған аналар бар.

Олардың мақсаты - салауатты өмір салтын сақтау. Сонымен қатар жыл сайын аналар арасында Мәскеуде өтетін чемпионатқа еліміздің намысын қорғамақ. Оған қолдау көрсететін демеушілерді де табылған, - делінген мәліметте.

Қауырт жұмыстарына қарамастан аптасына үш рет кешкі уақытта бас қосып, доп теуіп, жаттығу өткізетін аналар спорттың бұл түріне өз қызығушылықтарымен келгендерін айтады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: