Елордада 60 отбасыға көмек көрсетілді

25 Қазан 2022, 20:15 1065

Қазақстан халқы ассамблеясының елордадағы өкілдері тұрмысы төмен, көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар отбасыларға азық-түлік себеттерін тапсырды

Астанада Республика күніне орай 60 отбасыға азық-түлік таратылды, деп хабарлады El.kz.
 
Қазақстан халқы ассамблеясының елордадағы өкілдері тұрмысы төмен, көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар отбасыларға, мүгедек азаматтарға шағын азық-түлік себеттерін тапсырды.
 
"Қайырымдылық шарасы "Жанашыр жүрек" республикалық қайырымдылық акциясы аясында өткізіліп жатыр. Бүгінгі күні Ассамблея құрамындағы елордалық этномәдени орталықтардың өкілдері демеушілік жасап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созып жатыр. Көмекті 60-қа жуық отбасы алады", - деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім мекемесі басшысының орынбасары Нүркен Әбдіғали.
Бөлісу: