Елордада 5 мыңнан астам балаға мектепке қажет заттар берілді

5 Қыркүйек, 03:03 490

Елордада «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, қаланың кәсіпкерлері, меценаттары акцияға қосылып, балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетіп жатыр.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу, - делінген мәліметте.

Демеушілер мен меценаттарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі, бүгін Білім басқармасының ұйымдастырумен «Aua electronics» компаниясының директоры Айдана Өтебалиеваның демеушілігімен 400 балаға мектепке керек құрал-жабдықтарымен көмек көрсетілді.

Сонымен қатар жаңа 2024-2025 оқу жылында аудан әкімдіктерімен бірлесіп, демеушілік қаражаты есебінен мектеп керек-жарақтары мен рюкзактары түрінде әлеуметтік осал санаттағы 5 мыңнан астам бала қамтылды. Аталмыш акция жалғасып жатыр.

Зарина Арман
Бөлісу: