«Елорда Жастары» бағдарламасы: Астанада тұрғын үйге жеңілдетілген кредитті қалай алуға болады

5 Қыркүйек, 13:48 406

4 қыркүйектен бастап Астанада «Елорда Жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды, ол 10 қыркүйек күні сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Бағдарламаға қатысу үшін онлайн өтініш беру жеткілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бағдарламаға қатысу үшін онлайн өтініш беру жеткілікті.

Тіркеуді бастамас бұрын, сізде NCAlayer орнатылғанына көз жеткізу керек, бұл бағдарламаны https://pki.gov.kz  сайтынан жүктей аласыз. Әрі қарай ЖСН, e-mail, телефон нөмірі және ЭЦҚ (RSA/GOST сертификаттары) сияқты қажетті деректерді толтыра отырып, birge.astana.kz  порталында тіркелу қажет, - делінген мәліметте.

Сонан соң «тұрғын үй бағдарламалары» бөліміне өтіп, «Elorda zhastary» қалалық жеңілдетілген несие бағдарламасы» қызметін таңдау керек. Әрі қарай, өтініш формасын ашу үшін «Қосу+» түймесін басу қажет.

Нысанды толтырыңыз, қажетті құжаттарды тіркеңіз, ЭЦҚ (RSA / GOST сертификаттары) көмегімен өтінішке қол қойыңыз және оны жіберіңіз. Өтініш бергеннен кейін өтінімді қарау нәтижесі бар KIT_NOTIFY немесе SmartAstana SMS-хабарламасын күту керек, - деп қосты әкімдіктегілер.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама елордадағы бастапқы немесе қайталама нарықта «Отбасы банк» АҚ арқылы пәтерді тиімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді:

қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңге; бастапқы жарна – 10%;

қарыз бойынша мөлшерлеме – жылдық 5% ;

несиелеу мерзімі – 19 жылға дейін.

Бағдарламаға Астана мекемелері мен ұйымдарының, соның ішінде медицина және педагог қызметкерлердің, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау саласындағы мамандардың, ЖОО мен ҒЗИ, журналистердің, коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінің, полицияның, Төтенше жағдайлар департаментінің, «Қазпошта» АҚ филиалдарының бейінді қызметкерлерінің, сондай-ақ 35 жасқа дейінгі азаматтардың бейінді қызметкерлері, «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатында есепте тұрған балалар қатыса алады.

Бағдарлама туралы толығырақ Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайтынан мына сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh/press/news/details/832364?lang=kk.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: