Астанада Спорт күніне орай түрлі іс-шаралар, турнирлер мен сайыстар өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Атап айтқанда, «Жерұйық» саябағында Алматы ауданының тұрғындары үшін ұлттық спорт түрлерінен байқауларды қамтыған мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды. Спорттық іс-шарада қала тұрғындары арасында гір көтеру, қол күрес, асық ату, ләңгі тебу және арқан тарту түрлерінен турнирлер өтті. Сонымен қатар қонақтар үшін мерекелік концерт ұсынылды.