Елорда прокуратурасы төрт инвестордың құқығын қорғады

2 Желтоқсан, 09:55 411

Уәкілетті мемлекеттік орган төрт инвесторға жер телімдерін беруден негізсіз бас тартқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық прокуратура мәліметінше, бас тартулар ақпараттық жүйелердегі техникалық проблемаларға («электрондық үкімет» шлюзі, Egov.kz веб-порталы және Астана қаласының геоақпараттық орталығы) негізделген, соның салдарынан іргелес жер пайдаланушылардың учаскелері бір-бірінің үстіне қойылған.

Нәтижесінде инвесторлар ұзақ уақыт бойы инвестициялық жобаларды одан әрііске асыру үшін жер учаскелерін ала алмаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша инвесторлардың проблемалық мәселесі шешіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.

Қабылданған шаралар «халал» стандарттары бойынша жартылай фабрикаттар өндіру цехын салу, мұнай өнімдері қоймасын салу және пайдалану, өндірістік-қойма кешенін пайдалану және газоблок өндірісі бойынша жобаларды іске асыруды жалғастыруға ықпал етті.

Бұл жобалардың инвестицияларының жалпы көлемі 4,1 млрд теңгені құрайды, оларды іске асыру 240-тан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: