Елорда мектептерінің қорында 3 млн-ға жуық оқулық бар

24 Тамыз 2023, 10:57 712

Қазіргі уақытта елорда мектептерінің қорында 3 млн-ға жуық оқулық бар, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, жаңа оқу жылына қаланың 100 мектебіне қосымша 833 330 дана оқулықтар мен Оқу әдістемелік құралдары сатып алынды.

Сондай-ақ биыл қала мектептеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен 15 мың данадан аса көркем әдебиет сатып алынды.

Оған қоса, биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 мыңнан аса көркем әдебиет сатып алынады.

Қазіргі таңда 98 мектептің барлық оқушылары үшін электрондық оқулықтар сатып алынды.

 
 
Мадина Асылбекова
Бөлісу: