Елорда күнін атап өту үшін 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланған, оның ішінде қаланың тұрғын алаптары да назардан тыс қалған жоқ. Іс-шаралардың басым бөлігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, 6 шілде – Астана күніне орай дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.
26 маусымнан 4 шілдеге дейін аппаратураның техникалық жай-күйі мен қабілетін тексеру үшін техникалық ұшулар орындалады. Соңғы суретті елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілде күні ЭКСПО аумағында көреді. Уақыты туралы қосымша хабарланады.