"Елорда арулары" ұлттық киімді насихаттап жүр

18 Наурыз, 19:00 871

"Елорда аруы" байқауының қатысушылары ұлттық киім күніне орай арнайы фотосессия ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

"Елорда аруы" байқауы былтыр желтоқсан айында басталған. Байқауға 800-ден аса ару қатысты. 4 ай бойы жүргізілген кастинг нәтижесінде 25 бойжеткен таңдап алынды.

Байқау 5 номинициядан тұрады. Әр номинация бойынша 5 арудан бақ сынайды. Қатысушылардың ішінде әртүрлі мамандық иелері бар. Байқаудың мақсаты - жастарға ана тілімізді, ұлттық өнерімізді, ұлттық киімдерімізді насихаттау. Жастардың елге деген патриоттық сезімін арттыруға ықпал ету. Бұл байқау жалпы жастарға арналған мереке. Бүгін еліміз бойынша Ұлттық киім күнін атап өтіп жатырмыз. Сол себепті аруларымызға ұлттық нақыштағы киіммен фотосессия түсіруге шешім қабылдадық. Үлкен команда жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі мереке менің ойымша еліміздегі талантты дизайнерлерінің жеңісі деп білемін. Өйткені сол кіслердің талантының арқасында қазір жастардың өзі ұлттық киімдерді жай күндері киіп жүруге әдетке, сәнге айналдырды, - деді "Елорда аруы" байқауының директоры Әліби Желдірбаев.

Фототүсірілімге Ақтөбе қаласынан дизайнер Сәбина Күнкей де өз коллекцияларымен арнайы келген. Байқаудың қорытындысы сәуір айының аяғында өтеді деп жоспарланған.

Зарина Арман
Бөлісу: