«Қазгидромет» РМК 14 қарашаға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Ол дегеніңіз - тымық ауа райы, жеңіл жел жіне тұман.
2025 жылдың 14 қарашасында Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, «Қазгидромет» бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп ескертуде.