04.04.2023
13:27
1193

Елімізге шетелден әкелінетін жылқы етінің көлемі 50,2% өсті

Өткен жылы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 157,1 мың тонна жылқы еті өндірілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артық, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өндіріс көбейген сайын импорт көлемі де өсті.

Мәселен, өткен жылдың 12 айында 3,6 мың тонна жылқы еті әкелінсе, 2021 жылы 2,4 мың тонна импортталған.

Осылайша, өсім - 50,2 пайыз.