13.10.2025
12:09
531
Елімізге Қытайдан келетін туристер саны 24 есе артқан

Елімізге Қытайдан келетін туристер саны 24 есе артқан

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылдың 13 қазанында өткен халықаралық конференцияда елімізге келетін медициналық туристер ағынының артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанға емделу мақсатында келушілердің саны айтарлықтай өскен.

Бар болғаны бірнеше жыл бұрын біз медициналық туризмнің әлеуеті туралы ұстамды түрде айтып жүрдік. Ал бүгінде бұл әлеует нақты нәтижеге айналды деп нық сеніммен айта аламын. Соңғы бес жылда – 2021 жылдан бері елімізге келетін туристер легі бес еседен астам өсті. Солардың қатарында медициналық туризм де қарқынды дамуда. Бұл сандардың артында сұраныс географиясындағы нағыз революция тұр. Әлемдік карта өзгеріп келеді, ал Қазақстан онда медициналық туризм орталығы ретінде өз орнын нықтап алды, - деді Әлназарова.

Министрдің мәліметінше, Қытайдан келушілер саны 24 есе, ал Үндістаннан келушілер 40 есе артқан.

Біздің басты бәсекелесіміз әрі тәжірибе үлгісі саналатын Түркиядан келетін туристердің ағыны да үш есе көбейді, - деп қосты Ақмарал Әлназарова.