02.11.2023
16:55
1341
Елімізге Қырғызстан президенті келді

Елімізге Қырғызстан президенті келді

Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Айта кетейік, саммитке Қырғызстан басшысынан бөлек Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары қатысады.