29.12.2024
20:36
967
Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің үш облысында жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

29 желтоқсан сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 1013-1048 шақырым аралығында (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 05:00-те жолды ашу жоспарланған.

Сонымен қатар сағат 18:00-де Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 971-1013 шақырым аралығында (Қалбатау-Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 05:00-те жолды ашу жоспарланған.

Сағат 19:00-де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 1570-1911 шақырым аралығында (Төретам-Бәйгеқұм) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.

2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 01:00-де жолды ашу жоспарланған.