11.03.2024
01:02
1492
Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш облысындағы  республикалық маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 160 км құрайтын 1 автожол (қар көшкіні қаупіне байланысты):

  1. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары» Ушановское а.-Алтай қ. автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):

  1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қ.-Ұлытау обл. шекарасына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол жабық.

  1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда обл. шекарасы-Талап а. автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 213 бірлік техника және 272 жолшы жұмылдырылған.