07.12.2022
14:21
4845
Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

7 желтоқсанда оңтүстікте, 8-9 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысында түнде және таңертең тау бөктеріндегі аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с  жел соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.