Еліміздің сыртқы істер министрлігі Тайваньдағы сайлау қорытындысына қатысты түсініктеме берді

15 Қаңтар, 01:25 1395

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тайваньдағы сайлау қорытындыларына қатысты түсініктемесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды. Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз, - деп жазылған СІМ-нің хабарламасында. 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: