Еліміздің статистика қызметінің құрылғанына 104 жыл толды

9 Қараша, 03:26 409

8 қарашада Қазақстан Қазақ КСР статистика қызметінің құрылғанына 104 жыл толды. Қазақстан статистикасының негізі 1920 жылы қаланды. Бүгінде бұл мемлекеттік органның жұмысы стратегиялық шешімдер қабылдауда шешуші рөл атқарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерекеге орай қызметкерлерге наградалар мен марапаттар табысталды. "Құрмет" орденімен Түркістан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департамент басшысы Гүлнар Күнтуғанова, ал "Ерен еңбегі үшін" медалін Бюро басшысының орынбасары Фархат Қалиев пен Қызметтер және энергетика статистикасы департаментінің директоры Гүлмира Қараулова алды.

Сондай-ақ бюроның үздік қызметкерлері "Статистика үздігі" төсбелгілерін, саланың дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды.

Зарина Арман
Бөлісу: