07.10.2025
08:33
496
Еліміздің солтүстік және орталық облыстарында күн салқындайды

Еліміздің солтүстік және орталық облыстарында күн салқындайды

«Қазгидромет» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көп бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалы сақталып, ашық әрі жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Сонымен қатар, ел аумағында желдің күшеюі, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болжанып отыр.

Ауа температурасы бойынша түнгі уақытта солтүстік және орталық облыстарда 1-7 градус аяз, күндіз 4-16 градус жылы күтіледі. Шығыста түнде 5-13 градус аяз, күндіз 3-11 градус жылы болады. Қалған аймақтарда температура біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.